Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында ведомство төрағасының жаңа орынбасары Руслан Сарқұловтың өмірбаяны пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарқұлов – 1993-2009 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында офицер қызметін атқарған. 1998 жылы Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі академиясын бітірген.
2009-2024 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық қызметтерді атқарған.
2023 жылы президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, I және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Еске салайық, бүгін Руслан Сарқұловтың Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.
Президент осыдан екі күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Бақытбек Қосжановты қызметінен босатты.
Алмас Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының жаңа орынбасары болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!