Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавлда судьяның ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Telegram-дағы кейбір каналдар Петропавлдың №2 соты төрағасы қамауға алынған болуы мүмкін екені туралы ақпарат таратқан еді. Тергеу шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік қызметкерлері жүргізгені хабарланды.
"ҰҚК бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лес