• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

ҰҚК Шымкентте есірткі зертханасын жойды

ҰҚК Шымкентте есірткі зертханасын жойды
Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаменті прокуратурамен келісе отырып, есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 6 ақпанда ҰҚК Шымкент бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды.

"Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 7 келіден аса "альфа-PVP" есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген", -делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget