Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымымен күресіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесілген. 5 жасырын зертхана жойылған.
"Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 240 келі есірткі тәркіленді, соның ішінде 3,1 келі героин, 8 келі метамфетамин, 53,5 келі апиын, 74,2 келі гашиш, 80,9 келі марихуана, 19,3 келі психотроп зат, 3 тоннадан аса прекурсор бар. Осы әрекетті жасады деген күдікпен 43 Қазақстан азаматы және 8 шетелдік ұсталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!