ҰҚК Шекара қызметі ақшаны елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1-10 тамыз аралығында өткізу бекеттерінде осындай 70 әрекет анықталып, жалпы сомасы 645 млн теңгеден аса декларацияланбаған валюта анықталған.
"Осындай жағдайлардың бірінде Жамбыл облысындағы Қордай көлік өткізу бекетінде шекара бақылауы барысында шетел азаматының киімінің астына жасырылған 70 000 АҚШ доллары (32 550 000 теңге) анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Материалдар процесcуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға берілген.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақшаны ел аумағынан тыс жерге алып шығуға тыйым салынатынын еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!