Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н.Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.