Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесіп, халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл елдер аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталған.

"Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Суреттер: ҰҚК
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова