Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі есірткі партия контрабандасы арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 18 қаңтарда рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпек болған жүк автокөлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 кг есірткі заты табылып, алынды.
Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!