- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК президентті сайлау...
ҰҚК президентті сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикал топ туралы айтты
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың Мемлекет басшысына террористік қатерлерді азайту үшін алдын алу жұмыстары жүргізілгені туралы баяндама жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ермек Сағымбаевтың мәліметінше, Қазақстанда 3 террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды. Лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 56 адам сотталды.
Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді.
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, еліміздегі криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартылды. Аса қауіпті 15 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, олардың 56 басшысы және белсенді мүшелері ұсталды.
"1 100-ден астам қару, 598 граната және 31 860 оқ-дәрі заңсыз айналымнан шығарылды. Тәркіленген қарудың жартысына жуығы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Есірткіге қарсы 130 операция жүргізілді. 1,3 тонна әртүрлі есірткі тәркіленді. Шетелдік серіктестермен бірге 96 халықаралық және өңірлік есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндірісімен айналысқан 28 зертхана жойылды", - деп мәлімдеді Ермек Сағымбаев президентке.
ҰҚК төрағасы сонымен бірге 32 заңсыз көші-қон арнасының жолы кесіліп, оларды ұйымдастырушыларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тоқсауыл қойды", - деді ол.
Бұған қоса, мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталған. Шекара арқылы құны 21,9 миллиард теңге болатын валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеген.
Мемлекет басшысы кездесу соңында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан