Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы парамен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл бойынша ішкі қауіпсіздік департаменті 19 желтоқсанда бірлескен операция жүргізді.
"Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б. соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде, қылмыс үстінде ұсталды", - делінген хабарламада.
Басқа ақпарат жария етілмеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!