ҰҚК өткізу пунктерінде жұмыс режимі өзгергенін хабарлады

ҰҚК өткізу пунктерінде жұмыс режимі өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:

"Найза", Павлодар облысы
"Қоянбай", Абай облысы
"Байтанат", Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

"Нұр Жолы", Алматы облысы
"Достық", Алматы облысы
"Қолжат", Алматы облысы
"Бақты", Шығыс Қазақстан облысы
"Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

"Кеген", Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!