ҰҚК операциясы: Шекарада жанармайды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

ҰҚК операциясы: Шекарада жанармайды заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

ҰҚК шекарада жанармайды заңсыз тасымалдамақ болғандарды ұстау бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазанда Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті.

Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

Биыл жыл басынан бері осы учаскеде жанар-жағармай тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алды.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина