• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

ҰҚК операциясы: Павлодарда есірткі зертханасы жойылды

ҰҚК операциясы: Павлодарда есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Павлодарда есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 қаңтарда ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды.

"Психотроп заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталды, ол сот санкциясымен қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Тінту барысында 20 келіден аса мефедрон, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан аса прекурсорлар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова