- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК операциясы: мұнай...
ҰҚК операциясы: мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды
Фото:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция жасап, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге заңсыз, оның ішінде теңіз арқылы шығарғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мұны "А" арнаулы мақсаттағы қызметімен сондай-ақ Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып жүргізген.
Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан