- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК туралы
ҰҚК операциясы: Қазақстанға техника деп контрабанда өткізбек болғандар әшкереленді

Фото:
depositphotos.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан елге заңсыз темекі бұйымдарын әкелмек болғандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті экономикалық тергеп-тексеру, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, темекінің ірі партиясын елге заңсыз әкелудің жолын кесті.
"Ілеспе құжаттарсыз 170 мың қорап көлемінде темекі өнімдерін электртехникалық бұйымдары есебінен мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 50 миллион теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова