17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
"Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова