ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттарды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізген іс-шаралар барысында 200 келі аммиак селитрасы (60 килограмм тротилдік баламасы), сондай-ақ, 200 дана жарылғыш капсуласы бар детонациялық сымдар тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес бұл заттар заңсыз іздеу әрекетінде пайдаланылған.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
"Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова