Қару-жарақты екінші рет сатылымға шығарған құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тіркеуден шығарып, сонымен қатар, "оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды" деген жалған есеп бойынша қару-жарақ сатылымға шығарылып отырған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы мен Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығарғандардың жолын кесті.
Тінту барысында 347 қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі тәркіленген. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылған. Жедел тергеуді жалғастыру арқылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, діни ағымдарға қатысы бар және бұрынғы полицейлерден жасақталған қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтаған.
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылған.
Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны және жеке құрамды бақылауды әлсіреткені үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы жұмыстан шығарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!