ҰҚК оңтүстікте заңсыз әрекет еткен қылмыстық топты анықтады: 17 адамға қатысты тергеу басталды

12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК полициямен және прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша топ мүшелері мемлекеттік шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты соталды тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Тінту барысында 5 атыс қаруы және пневматикалық қару, ірі көлемде ақша, сондай-ақ, өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!