- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК өкілі академия...
ҰҚК өкілі академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болғанын айтты
ҰҚК өкілі академия курсантының өз-өзіне қол салуына құмар ойын себеп болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаевтың айтуынша, бүгінде полиция қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижесінде тиісті қорытынды шығарылады.
"Біз де бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргіздік. Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке және оқуға қабылдау кезінде кандидаттар жан-жақты тексеруден өтеді. "Шындық детекторы" арқылы психологиялық зерделеу де жасалады. Осы оқиғадан соң академиядағы қызметкерлерге тиісті мониторинг жүргізіліп жатыр. Бізде арнайы психологиялық және кадр қызметі бар. Сонымен қатар, Ішкі қауіпсіздік департаменті де жұмыс істеп жатыр", - деді Марат Қалқабаев.
Оның сөзіне қарағанда, орган мекемелерінде құмар ойынның салдары байқалып отыр.
"Алайда бұл - Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы тарихындағы жалғыз оқиға. Адамның құмар ойындарға тәуелді бола бастағанын бастапқыдан анықтау керек. Осы бағытта тиісті іс-шаралар қолға алынады", - деді ҰҚК өкілі.
Еске салайық, бұған дейін суицид жасаған курсант қаза боларынан екі күн бұрын депутатқа хат жазғаны хабарланған болатын.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова