ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс қорытындысын жариялады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Нұрлан Сабуров Украинамен қақтығысқа қатысып жатқан Ресей әскери күштеріне материалдық көмек көрсеткен болуы мүмкін" делінген видеолар тарады.

Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеріс аяқталған.

"Тексеріс нәтижесінде құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ҰҚК өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!