- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы...
ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді
2022 жылғы 26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті "А" есімді елордалық тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 келі "мефедрон", 1,4 келі "альфа-PVP" және 659 таблетка МДМА ("экстази" деп айтылатын) тәркіленді.
Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
С. Сатыбалдина