ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция өткізді: 20 адам ұсталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде 20 адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қару-жарақты өткізу, сақтау, қорқытып алу, ұрланған көлікті заңдастыру, сондай-ақ, өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатқан.

Іс-шаралар бір уақытта Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында өткізілген.

"Нәтижесінде 20 адам ұсталды, 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі, ірі көлемдегі ақша, сондай-ақ, өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!