Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан-Ресей шекарасының ("Қайрақ" (ҚР) – "Бугристое" (РФ), "Сырым" (ҚР) – "Маштаково" (РФ) өткізу пункттері), қазақ-қырғыз шекарасының ("Қарасу" (ҚР) – "Ақ-Тілек" (Қырғыз Республикасы) өткізу пункттері) және қазақ-өзбек шекарасының ("Жібек жолы" (ҚР) – "Гишт-Куприк" (ӨзР), "Қазығұрт" (ҚР) – "Ташкент" (ӨзР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨзР) өткізу пункттері) жекелеген бағыттарында адамдар мен көлік құралдарының кептелісі болып жатыр.
"Оған аталған бағыттардағы өткізу пункттерінің кейбірінде ішінара жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, маусымдық көкөніс өнімдерін тасымалдауға байланысты шығарылатын жүк тасымалының артуы, көлік тасымалдау ұйымдарының транзиттік әлеуетін жоғарылатуы және туристік кезеңдегі жолаушылар легінің көбеюі себеп болып жатыр.
Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды. Шекарадан өтетін көлік құралдарын қарау мен адамдардың құжаттарын тексеруде қазіргі заманғы және автоматтандырылған жүйелерді қолдану арқылы адамдар мен көліктер кептелісін азайту бойынша шаралар қабылданылып жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство көлік жүргізушілері өздерінің қозғалыс бағыттарын жоспарлау кезінде қалыптасқан жағдайды ескерулері қажет екені хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!