Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше:
Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.
"Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!