ҰҚК құны 600 млн теңге тұратын темекіні тәркіледі

ҰҚК құны 600 млн теңге тұратын темекіні тәркіледі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 12 қыркүйекте Жамбыл облысындағы шекарада ҰҚК Шекара қызметі жүк пойызын тексеру барысында 890 980 темекі қорабын тапқан.

"Темекіні құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша бұл тауардың құны 600 млн теңгеден асады. Жүгі бар вагон ажыратылып, процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget