ҰҚК Қостанай облысындағы көлік өткізу бекетінде заңсыздықты әшкереледі

ҰҚК Қостанай облысындағы көлік өткізу бекетінде заңсыздықты әшкереледі
Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы "Қайрақ" көлік өткізу бекетінде ірі көлемдегі вейпті заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүк көлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасынан тыйым салынған 27 624 тауар анықталған.

ҰҚК баспасөз қызметі

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген электрон тұтыну жүйесінің құны - 500 млн теңге.

"Бұл дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget