- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қос азаматтық
ҰҚК: қос азаматтығы бар 90-нан астам қазақстандық ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар 90-нан астам қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство 2025 жылдың басынан бері өткізу пунктілерінде бір мезгілде Қазақстанның және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады.
"Ұсталғандар ісін қарау үшін полиция органдарына берілді", - деп хабарлады ведомство.
2024 жылы мемлекеттік шекарада 1 190 қос азаматтық фактісі анықталды. Құқықбұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды.
ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтығы барларға 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатын немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберілетінін еске салды.
"Бұдан өзге, қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз болады", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес