23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кореяның құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.
"Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетке қолданылған компьютер, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды. Ұсталғандар процестік іс-әрекет жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова