ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды", - деп жазылған хабарламада.
Кадрлардан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып жатқанын көруге болады. Кейінірек жедел қызметкерлер оның үйін тінтіп жатқаны көрінеді. Тергеу кезінде үйдегі вазадан ірі мөлшердегі қолма-қол ақша табылған.
Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы көлік-жол институты және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.
Ол 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз