ҰҚК Көлік министрлігінің екі шенеунігін ұстады

ҰҚК Көлік министрлігінің екі шенеунігін ұстады
Фото: ҰҚК

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл тамызда ведомство прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көлік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстаған.

"Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті болып отыр. Тергеу мәліметіне сәйкес олар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден аса сомаға материалдық сыйақы алған", - деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget