- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК кейбір шекара...
ҰҚК кейбір шекара бекеттеріндегі шектеулер туралы ескертті
ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы "Жібек жолы" өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының мезгіл-мезгіл жиналып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" өткізу пунктінде жол төсемінің салынуы мен кеңейтілінуіне байланысты. Сондай-ақ қазіргі уақытта "Қапланбек" өткізу пунктінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылғанын жеткіземіз", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Сол себепті "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде жүргізіліп жатқан реконструкция себебінен адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелген.
Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
"Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан