ҰҚК есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы ақпанда ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі
"Одан 13 келі психотроп "мефедрон" тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК өзге ақпаратты жария етпеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова