- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы...
ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктілерінің жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде автокөлік кептелісі пайда болғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Ресей шекарасының бұл учаскесінде автокөлік кептелісі тіркелмегенін хабарлады.
"Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырамыз", - деп хабарлады ведомство.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан