- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК жұмыс орнында...
ҰҚК жұмыс орнында және әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған ер адамды ұстады
Фото:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
2024 жылғы 3 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.
Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекс 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекс 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан