ҰҚК Шекара қызметі өткізу бекеттерінде құқыққа қайшы әрекетті анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1-10 тамыз аралығында шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса тауар мен жүкті заңсыз тасымалдаудың 551 дерегінің жолы кесілген.
"Жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 дерегіне, сондай-ақ, халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 дерегіне жол берілмеді. Кінәлі адамдар Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова