Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесіп, есірткіге қарсы халықаралық операцияны жүзеге асырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірлескен әрекет нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық "метамфетамин" алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталған.
"Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!