ҰҚК халықаралық жасырын схеманы әшкереледі: Қытайдың 13 азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес шеңберінде Қазақстан заңнамасын бұзып, елде жүрген Қытайдың 13 азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында шетелдіктер Қазақстан аумағында халықаралық интернет алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталған. Олардан көптеген компьютер, ұялы телефондар, Starlink жабдықтары, сондай-ақ, криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған.

Топтың әрекеті өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.

"Осыған байланысты Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп, тексеріс жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекет жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!