Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия ҰҚК экс-басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты іс бойынша Гонконг пен БАӘ-ден шамамен 3 миллион АҚШ доллары қайтарылды", - деді комиссия өкілдері.
Наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша мән-жайды жариялаған болатын. Сол кезде ведомство өкілдері ҰҚК бұрынғы басшысының әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көптеген белгілері анықталғанын атап өткен еді. Жылжымайтын мүлік пен басқа мүліктің суреттері жарияланды.