ҰҚК бюджетке 830 миллион теңгеден аса қаржыны қайтарды

ҰҚК бюджетке 830 миллион теңгеден аса қаржыны қайтарды
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі биыл мамырда 83 деректі тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық деректерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты болған.

"Бұл қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылды. 85 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 66-сы сотқа жолданды. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) - 1,5 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылған. Құны 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget