- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК бірнеше өңірде...
ҰҚК бірнеше өңірде ірі операция жүргізіп, 50 адамды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде қылмыстық топ мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді.
Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деген күдікке ілінді.
20-дан астам адамның сеніміне кіріп, 2 млрд теңгеден аса мүлік тонаған.
Топтың нақты иерархиясы мен қатысушыларының рөлдерінің бөлінуі болған, олар қылмыс пен деструктивті діни ортаның өкілдерінен, соның ішінде түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерден құралған.
Тінтулер барысында банк карталары, ірі ақша қаражаты, экстремистік әдебиеттер, ақша аударымдары жазылған жазбалар және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина