- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК басшысының орынбасары...
ҰҚК басшысының орынбасары Самат Әбіш туралы сұраққа жауап берді
ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс", - деді Амерханов.
Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.
"Экс-төраға, оның үш орынбасары және тағы 4 департамент бастығы - Қызылорда, Алматы, Алматы және төртіншісі - бесінші департаменттің бұрынғы бастығы (қазір тергеуде - еск.)", - деп түсіндірді Амерханов.
Оның айтуынша, тергеу ҰҚК бұрынғы төрағасы мен оның орынбасарлары сияқты баптар бойынша, сонымен қатар, "Әрекетсіздік" және "Немқұрайдылық" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.
С. Сатыбалдина