ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады

ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады
Фото: gov.kz

ҰҚК Айдос Есполов ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының экс-кеңесшісі Айдос Есполов Астанада ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Бұл дерек бойынша ҰҚК соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", - деп жазылған ҰҚК-нің Tengrinews.kz-ке жауабында.

Айдос Есполов туралы не белгілі?

Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Айдос Есполов - қазақстандық кәсіпкер және бұрынғы шенеунік. Ол Еуразия технология университетінің құрылтайшысы болған. Бұрын түрлі басшылық лауазым атқарған.

Бірқатар БАҚ мәліметінше, Айдос Есполов - Әсел Исабаеваның ағасы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев оны екінші әйелі ретінде атаған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget