ҰҚК Астана мен Қосшыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 қаңтарда Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарымен бірге Қазақстанның төрт азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар терроризмді насихаттады және экстремистік әрекетке қатысты ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілінді.

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!