ҰҚК арнайы операция өткізіп, заңсыз 31 қаруды тәркіледі

ҰҚК арнайы операция өткізіп, заңсыз 31 қаруды тәркіледі
Фото: ҰҚК

Биыл шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет барлығы 31 қару тәркіленгенін мәлімдеді.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

"Оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі бар. Жедел тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget