ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын жойды

ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын жойды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, арнайы операция нәтижесінде Қазақстан азаматы ұсталды. Ол психотроптық заттарды өндірумен айналысқан.

"Тінту кезінде 15 келіден астам "альфа-ПВП" есірткі заты және осы заттың 70 литр кристалдану сатысындағы түрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен қазақстандық қамауға алынды. Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын өткізу немесе өткізу мақсатында заңсыз өндіру, қайта өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Операцияның басқа мәліметтері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес ашылмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget