ҰҚК Алматы облысында ер адамды есірткі дайындап жатқан жерінен ұстады

ҰҚК Алматы облысында ер адамды есірткі дайындап жатқан жерінен ұстады
Фото: ҰҚК

Мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысында психотроп заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталған. Тінту барысында 3 келі а-PVP, кристалдану сатысындағы 15 келі өнім, 700 литр прекурсор мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

ҰҚК баспасөз қызметі

"Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget