- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰҚК академиясының жатақханасында...
ҰҚК академиясының жатақханасында курсант өлі табылды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
30 сәуірде ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курста оқыған курсанттың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру.
Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
ҰҚК өкілдері марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина