Жетісу облысында QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметі Айбек Ерғали ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
"Соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 21 қаңтарда Айбек Ерғали жұмыс орнында болған.
QazaqGaz Aimaq АҚ - елдегі ең ірі газбен жабдықтау компаниясы. Бұл - тұтынушыларға газды тасымалдау, тарату және сату қызметімен айналысатын QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес құрылымы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова