Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктив діни ағымның 6 жақтаушысы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, олар діни негіздегі шабуылдарға, кісі өлтіруге шақырған, сонымен қатар, зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.

ҰҚК
"Тінту барысында олардан атыс қаруы, суық қару, көптеген діни әдебиет тәркіленді. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар, 3 қарашада осындай әрекет үшін Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова